Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Маңғыстау облысының әкімдігі мен прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен облыс прокуроры Дастан Сартаев әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты күшейту, заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы, қоғамдық ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әрі қарай жетілдіру салаларындағы жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау 30 Наурыз, 11:04

Жасақталған құжаттың артықшылығы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру кезінде біріккен және келісілген әрекеттерді іске асыру болып табылады.

Оның ішіне, халықтың әлеуметтік осал тобының құқығы мен қызығушылықтарын қорғауға арналған «Қоғам – сенің тірегің» атты, ана мен баланың денсаулығын сақтауға, ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған «Ана мен баланың денсаулығы», Каспий теңізінің жануарлары мен өсімдіктер әлемін көбейтуді, қорғауды қарастыратын «Тоқта Браконьер», азаматтар арасындағы тазалық мәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаны одан әрі қарай жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін «Таза аймақ», «Эмиссия төле де бюджетіңді толықтыр», «Құмар ойындары жоқ Маңғыстау», «Қарызсыз жаңа жылға» атты жобалары кіреді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне өтуге, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге шақырған бес негізгі бағытты атап көрсетті. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар Президент тапсырмасын орындау бойынша бірлесіп қызмет етіп, прокуратураның әлеуметтік жобаларын іске асыру жұмыстарына белсенді ат салысуға дайын», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.





Яндекс.Метрика