«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жамбыл облысында биыл екі жаңа мектеп ашылады

Жамбыл облысында биыл екі жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ахатаев Әділет Бегалыұлы өңірлік ОКҚ-да мәлімдеді.
Жамбыл30 Наурыз , 08:41

Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2016 жылы – 7 нысан құрылысына 3,3 млрд. теңге бөлініп, 5 нысан пайдалануға тапсырылды.

Ал, 2017 жылы 2 мектептің құрылысын жалғастыруға және 3 мектептің құрылысын бастауға ҚР Ұлттық қоры есебінен және жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 2,63 млрд. теңге бөлініп отыр.

Жаңа оқу жылына дейін, 1600 оқушыға арналған 2 мектеп пайдалануға тапсырылуы жоспарланып отыр.

“Одан бөлек жаңадан басталатын 3 мектептің құрылысы сәуір және шілде айларынанда басталады. Нысандар келесі 2018 жылға өтпелі, - деп баяндамасын қорытындылады басқарма басшысы Әділет Ахатаев.

 




Яндекс.Метрика