Сапар барысында сенаторлар Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ләззат Киинов және Георгий Ким Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан және Шекара қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мәселелерін зерделеді.
Сондай-ақ Су-25, МиГ-29 ұшақтары мен Ми-17, Ми-171Ш және Ми-35М тікұшақтары тұрған әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері және авиациялық базаның әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен, сондай-ақ, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі және тұрмысымен танысты.
Депутаттар Әуе қорғанысы күштерінің Шекара қызметі және әуе қозғалысы органдарымен өзара іс-қимылы туралы хабардар болды. Радиотехникалық және зениттік зымыран бөлімшелері мен әскери авиацияның экипаждары жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетті.