Мәдениетті жаңғырту

Астанада түркілер мен моңғолдар туралы бірегей кітап таныстырылды (ФОТО)

Ұлы Моңғол империясында түркі тілі мемлекеттік тіл болды. Бұл деректі бұқаралық қоғамға зерттеуші Анатолий Оловинцев «Түркілер мен моңғолдар». «Иго» немесе толеранттылық?» кітабында дәлелдеді, кітап таныстырылымы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтті.
Астана қаласы 29 Наурыз, 15:34

«Шыңғысхан біз үшін – сыншы, қазақ дәстүрінің бейнесі. Сіздің кітабыңыз өз оқырмандарын табады. ЕҰУ басшылығы мен  біздің ғалымдардың атынан  сіздің жасалған еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз», - деді Дихан Қамзабек.

Өз кезегінде, кітап авторы  университеттің ғылыми кеңесіне алғыс айтты.

«Бұл 250 жыл ішінде ынтымақтастық пен күрестің, қарсы шығудың дәуірі болды. Осы күнге дейін менің жадыма Гумилевтің келісімде өмір сүру тәмсілі келеді. Түркілер мен славандяр келісім мен бейбітшілікте өмір сүрсе бейбітшілік арта түседі. Бұл менің кітабымның  ең негізгі тезисі», - деді А. Оловинцов.

Ғалымның айтуынша, Шыңғысхан империясын түркілердің найман, жалайыр, керей, татар, қырғыз, ұйғыр және өзге тайпалары құрған еді.  250 жыл өткен соң, Шыңғысханның өлімінен кейін  Қазақстан аймағында Қазақ хандығы құрылды.

Автор кітапта аз халқы бар моңғолдардың Қытай, Орталық Азия, Кавказ, Русь пен Еуропаның жартысын қалай жаулағанын айтады.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика