Адами капитал

ҚР ҚК-нің оқу-жаттығу орталығында алғаш нұсқаушылардың бітімгершілік дайындығы өтуде

Нұсқаушылар құрамының бітімгершілік дайындық курстары БҰҰ-ның оқу материалдары негізіндегі нұсқаушылар құрамының бітімгершілік дайындық, сондай-ақ, бітімгершілік операцияларда азаматтық халықты қорғау жөніндегі курстар Алматыдағы «Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталығының базасында өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 29 Наурыз, 20:39

Олар алғаш рет Орта Азияда БҰҰ-ның кіріктірілген дайындық қызметінің мобильді-жаттықтыру тобымен өткізіледі және өңірлік бітімгершілік әлеуетті дамыту саласында жұмыс істейтін өңірдің барлық мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар үшін керемет мүмкіндік болып табылады.

Курста Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, ұлттық бітімгершілік әлеуетті дамытумен айналысатын Орта Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ, Орта Азиядағы Қызыл Крест халықаралық комитеті мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның өкілдері білім алды.

 

 





Яндекс.Метрика