«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Қарағандыда жаңа мектеп ашылады

1 сәуірде жаңа №102 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылады. Мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынды. Құрылыс, жабдықтау және рәсімдеу жұмыстарына 1,8 млрд теңге жұмсалды. Осындай ерекше жобаланған ғимарат қалада біреу ғана, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды29 Наурыз , 19:04

Оқушылар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Пәндік кабинеттер заманауи жабдықтармен және комптютерлік техникамен жабдықталған. Сонымен қатар, мектепте түрлі үйірмелер ашылады. Атап айтқанда, робототехника, хореография, сәндік-қолданбалы өнеер және спорттық секциялар.

№ 102 мектеп-гимназиясына №101 мектеп-лицейден және №23 орта мектептен 20-дан аса сынып ауытырылды. Оның ішінде бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі дайындық педагогтары. 5-10 сыныптарға оқушыларды қабылдау 2017 жылдың 1 маусымында басталады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика