Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстан ұлттық басқару элитасын қалыптастыруға жауапкершілікпен келіп отыр – халықаралық талдау

Қазақстан мемлекеттік басқарушыларды дайындап қалыптастыруда оң тәжірибе қалыптастыруда. Бұл жайында «Дағдарыс алдындағы әлем қоры» ресейлік зерттеу институтының директоры Екатерина Шипова Ялтада өткен IV Халықаралық инвестициялық форумда мәлімдеді.
Әлемде08 Шілде , 00:00

Сарапшының айтуынша, бұрынғы КСРО елдері үшін бірінші орынға әлеуметтік-демографиялық факторлар шығады. Олар сапалы мемлекеттік басқару түсінігімен бірігіп кетеді. Өйткені, бұл жерде мәселе ұзақмерзімді мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттің бәсекелестікті қолдаудағы ролі және ұлттық элитаның жауапкершілігі жайында болып отыр.

«Посткеңестік мемлекеттер үшін бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы технолгиялар мен білім емес, ұлттық элитаның жауапкершілігі. Бұл дегеніміз біз рекрутинг жүйесін алмастыруға мәжбүр болып, зиялыларды шығару кезеңіне келіп тұрмыз» дейді сарапшы.

Жуық арада жоғары элиталарды әзірлеуде үлкен өзгерістердің орын алуы мүмкін.

«Ресейде зиялыларды ұлтжандыландыру процесі басталып кетті. Ал, Қазақстан бұл тұрғыда бірнеше қадам алға шығып кеткен. Қазір елде аталған процесті қайта жандандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Мемлекеттік қызметкерлердің арнайы корпусы құрылды» деп хабарлады Шипова өз баяндамасында.




Яндекс.Метрика