Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2016 жылы Ақтөбе облысының 29 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (20,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (8,9 мың адам) қатарындағы 29 мың 454 адам қамтылды.
Ақтөбе29 Наурыз , 18:09

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 67,3%-ы.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 3 мың 818 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 2 мың 113 адам;

- жастар тәжірибесіне 2 мың 396 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 8 мың 824 адам ;

- кәсіптік оқытуға 681 адам жіберілсе, оның ішінде 210 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 10 мың 289 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

- өздігімен 266 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 1 мың 67 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.

 

 




Яндекс.Метрика