Өңірлер

Ақмола облысының бюджеті нақтыланды

Ақмола облысының басшысы М.Мырзалиннің қатысуымен алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтіп, онда 30 мәселе қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола 29 Наурыз, 17:42

Сессия барысында өңірдің негізгі әлеуметтік-маңызды тапсырмаларын шешуге 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша бірқатар құжаттар мақұлданды. Осылайша, қайта қаралған бюджет параметрі мен жыл басында қордаланып қалған қалдық қаражат теңгерімі 2016-2017 жылғы жылу беру маусымын уақытылы аяқтау мен жаңа жылу беру маусымына сәйкесінше дайындықты қамту үшін жоданатын болды.

Сондай-ақ, жаңа бюджетте әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу мен қайта тұрғызу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да қаражат қарастырылды. Оған қоса, салалық министрліктерге жобаларды әрі қарай жүзеге асыру үшін уақытылы жолдау бойынша, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау іс-шаралары қарастырылды.   

Одан өзге, әлеуметтік сала құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қамтуын дамытуға да көп көңіл бөлінді. Енді арнайы бөлінген қаражат есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш салаларда материалдық-техникалық жабдықтау қамтылатын болады.   

Кездесу барысында өңір басшысы өзіне сенім білдірген депутаттарға алғысын айтты. «Жақында Елбасымыз Ақмола облысына сапары барысында облыс активінің алдына ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамыту, индустрия мен туризм саласын, шағын және орта бизнесті жандандыруға қатысты бірқатар міндеттер қойған еді. Бұл тапсырмаларды уақытылы орындау Ақмола облысы тұрғындарының және жалпы еліміздің әл-ауқатының артуына септігін тигізетін болады», - деді әкім.





Яндекс.Метрика