Парламент

Мәжіліс мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне енген өзгертулерді қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енген өзгертулер мен өкілеттікті бөлуге бағытталған заңнамалық актілерге енген өзгертулерді қабылдады.
Астана қаласы29 Наурыз , 12:10

Заң жобаларын таныстыра отырып, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров конституциялық  заңнамаларға енген  өзгертулер Президенттің    бірқатар басқару өкілеттіктерін бөліп беруде қарастырады.

«Заң жобасы  Мемлекет басшысының 2017 жылдың  25 қаңтарында жарияланған  Жолдауындағы   тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылды, Аталмыш заңның мақсаты  саяси жүйені демократияландыру, атқарушы билік органдарының тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру», - деді депутат.

Н.Әбдіров айтып өткендей, құжат  Президенттің құқықтық өкілетін экономика, бюджеттік жоспарлау және  кәсіпкерлік қызметінде  бөлуді қарастырады.

Сәйкесінше, «ҚР Үкіметі туралы», «ҚР Президенті туралы», «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы»  конституциялық заңдарға өзгертулер енгізіледі. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика