EXPO-2017

Ақмола облысы ЭКСПО-2017-ге 7 турпакет әзірледі

ЭКСПО-2017 қарсаңында туристерді қарсы алу үшін Ақмола облысы 7 турпакет әзірледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола29 Наурыз , 13:48

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне  73 күн қалды. Ақмола облысында  54  тармақтан тұратын  шараның  жоспары әзірленді.

«Туристерді қабылдау үшін өңір туроператорлары  7 турпакет әзірледі.  Ол Щучье-Бурабай  курорттық аймағы мен Қорғалжын қорығында  30 бағытты қамтиды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көрме қонақтарын қарсы алуға  100 қонақ үй, турбаза мен 28 курорттық-санаторий бір мізетте  12 мың адамды қабылдай алады. 

Сондай-ақ, ауыл шаруашылық кәсіпкерлері  көрме кезінде елорданы азық-түліктің қажетті түрімен қамтамасыз ету  нақыталанды. 




Яндекс.Метрика