Парламент

Қазақстан халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясына енуде

Қазақстан халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясына енеді, деді Әділет министрі Марат Бекетаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Астана қаласы29 Наурыз , 11:07

«Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыра отырып министр  Гаага тұжырымдамасына  81 ел мен Еуропалық Одақ кіретінін айтты.  Сондай-ақ, М.Бекетаев айтып өткендей,азаматтар шетелде қандай құқыққа ие екенін біле алады.

«Электрондық үкімет сайтында  шетелге шығатын  барлық азаматтарға арналған ақпарат бар. Біз виза алу кезінде ақпараттандыру туралы айтамыз.Хабарландырулар азаматтар виза алуға келген орындарда болады. Қиын жағдайға душар болғандағы артықшылықтары көрсетілген», - деді ведомство басшысы.

Министр айтып өткендей, мобильдік телеоператорлар  белгілі бір елге келген жағдайда  аталмыш елдегі Қазақстанның мекен-жайы мен байланыс нөмірлері беріледі.

«Бұл мәселенің екінші тарапы да бар, бизнеспен айналысатын азаматтарға да тұжырымдаманың  көмегі бар. Бизнеспен айналысатындар Гаага конференциясына орай  әдістерге ие болады. Бірақ, ол кәсіпкерлердің жеке қаражатына жүзеге асырылады», - деді ол.

Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда  қабылдады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика