Білім беру

Павлодар облысының балабақшаларында қазақ тілінде сөйлесу курсы енгізіледі

Павлодар облысының емханаларындағы кезектер қысқаратын болады. Бұл мәселе аймақ басшысы Болат Бақауовтың қатысуымен өткен денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде талқыға түсті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар29 Наурыз , 19:38

Жиналыс алдында облыс әкімі бірнеше қалалық емханада болып, науқастардың өтініштерін тыңдады.

«№4 емханада науқастар травмотологқа кіру үшін бірнеше сағаттап кезек күтедіЕгер бір маманның шамасы жетпей жатса, қосымша бірлік беріп, тағы да бір кабинет ашу қажет. Егер, қажеттілік болса, тағы да емхана ашайық. Қала тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді. Қалалық емханаларда жақын ауылдардың тұрғындары да емделуге келеді. Емделушілердің санының көп болуын белгілі бір маусымдық сипатпен түсіндірудің орнына бұл мәселені шешумен айналысу керек», - деді аймақ басшысы. - 

Болат Бақауов емханаларда науқастардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайтын арнайы жәшіктер қоюды тапсырды. Бұл шара әсіресе, облыс әкімінің блог-платформасына жазу мүмкіндігі жоқ зейнеткерлер үшін пайдалы болмақ.

«Барлық мәселе жұмысты жүйелі түрде жүргізуге келіп тіреледі. Егер, әр емхананың бас дәрігері таңертеңмен өзі басшылық жасайтын мекемені 3-4 рет аралап, науқастардың жай-күйін сұрап, жүктемені дұрыс бөліп, қажет жағдайда денсаулық сақтау басқармасымен кеңесіп тұрса, жағдай түзелер еді» , - деді әкім.

 




Яндекс.Метрика