Өңірлер

Ақтөбе облысында алма бағы отырғызылмақ

Ақтөбе облысының Қобда ауданында егіншіліктегі ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы.
Ақтөбе29 Наурыз , 16:07

Ағымдағы жылы бадана, жержаңғақ және ноқат секілді бұршақ дақылдарын 6 гектардан 50 гектарға дейін  егуді арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Қобда ауданының әкімі Мейрамбек шермағанбет «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

Жалпы, аудан әкімінің сөзіне қарағанда 2017 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алаңдары 4361 гектарға дейін артып, 28,6  мың гектарды құрайтын болады. Сонымен қатар, 2016 жылы 85,8 мың гектардан астам игерілмеген ауыл шаруашылық жерлері мемлекеттік қорға  қайтарылды. Жаңа шаруа қожалықтарына 166 мың гектарға жуық  жер берілді.

«Ауданда ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Сыбаға» бағдарламасы 208%, «Алтын асық» 116% және «Құлан» бағдарламасы 100% орындалды. Шару қожалықтарын ірі қара малдың тұқымдық басымен қамтамасыз ету мақсатында 1000 басқа репродуктор жасау жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінде біз ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрін дамытуға баса назар аударып келеміз. Соғалы селолық округінде аудан бойынша алғашқы ара өсіру шаруашылығы ашылды. Ешкі, қоян, қаз, үйрек бағумен айналысатын ауыл шаруашлық өндірушілер саны артуда. Ал, Бұлақ селолық округінде 2016 жылдан бастап облыстағы жалғыз түйеқұс фермасы жұмыс жасайды»,-деп хабарлады Мейрамбек Шермағанбет.

Аудан әкімі сонымен бірге, ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға да жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін ауданда 13 өндірістік кооперативтері ашылды. 2017 жылдың соңына дейін тағы 7 әлеуметтік-корпорациясы ұйымдастырылатын болады.

 




Яндекс.Метрика