Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері бағдарламалық қамсыздандырудың бірыңғай бағдарламалық реестрін құруды жоспарлауда

ЕАЭО елдері бағдарламалық қамсыздандырудың бірыңғай бағдарламалық реестрін құруды жоспарлауда. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақтың баспасөз қызметі Еревандағы министрліктер мен ведомстволар жетекшілерінің алғашқы кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.
Әлемде29 Наурыз , 10:14

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялық ЕАЭО елдеріндегі экономикалық өсіміне әсер етеді. Бұл  байланыс пен коммуникация саласындағы   министрліктер мен ведомстволардың  АКТ  саласында келісілген  саясаттың  бірыңғай  әдісін қалыптастыру  жұмысына қатысты жауапкершілігін арттырады», - деді  ЕЭК ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар, ақпараттандыру, ішкі нарық  жөніндегі коллегия мүшесі Карине Минасян.

АКТ саласында келісілген саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін министрлер  ЕАЭО-ға құқықтық актілерді қабылдап, мақсатты жұмыс істеуді нақтылады.

Белгілі болғандай, ЕАЭО ықпалдасқан ақпараттық жүйені дамыту – мемлекет мүшелерінің  2017 жылға арналған  басым міндеті болып табылады.

Кеңестегі басты мәселе  ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің талқылануы болып отыр. Цифрлық күн тәртібінің жүзеге асырылуы  2017 жылдың  1 желтоқсанына  дейін нақтыланып,  15 мамырға дейін дайын болады.

Айта кетейік, 2017 жылдың  1 наурызында комиссия   75 жоспарланған  31 ортақ технологиялық құжаты нақтыланды.  2017 жылдың  алғашқы жартысында әрекетке 10 ортақ үрдіс енгізіледі. 




Яндекс.Метрика