Халықаралық интеграция

Қазақ-өзбек қарым-қатынасының жандануы (ШОЛУ)

Эксклюзив
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің бірі. 70 жыл бойы екі мемлекет бір елдің құрамында болды. КСРО ыдырағаннан кейін барлық елдер ынтымақтастығын қайта жандандырды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мен жақын арадағы іс-әрекеттері туралы Strategy2050.kz АА өз шолуын ұсынады.
Астана қаласы28 Наурыз , 20:23

 

Қазақстан-Өзбекстан  байланысын кеңейту  туралы тұрақты мемлекетаралық диалог  екі елдің стратегиялық мақсаттары мен ұлттық қызығушылықтарын ілгерілетеді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас   2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында  белсенділеді. Ұзақмерзімді стратегиялық қарым-қатынастың  нығаюының  дәлелі ретінде  өзбек  елінің басшысы Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға келген сапары болды. 

Бұл көп мәселенің басын ашады. Бәрінен бұрын қазақ-өзбек қарым-қатынасының қайта жандануы, жаңа форматқа өтуін қамтамасыз етті. Жаңа өзбек көшбасшысының келуі екі елдің қарым-қатынасы жандана түсіргенін  байқадық. Аталмыш әдіс  Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты арттыра түспек.

Өңірлік ынтымақтастық туралы алғашқы қадам елдер арасында  90-шы жылдардың басында жасалды. Ол кезде мәңгі достық туралы келісім орнатылған болатын,  2013 жылы  стратегиялық  серіктестік туралы келісім жүзеге асты.

Екі онжылдықта  елдер арасында екіжақты қарым-қатынастың оңтайлы көрсеткіштері  орнатылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамаларында Өзбекстанмен қарым-қатынас «тұрақсыздандыру әлеуеті мен  күш» екенін айтқан болатын.

Алайда, Ислам Каримов кезінде елдер арасындағы қарым-қатынасты  жақын әрі серіктес деп айтуға келмейтін еді.  Олар «жақсы көрші» ретінде араласты деуге болады. Өзбекстан Орталық Азияның мәселелеріне қарағанда әлдеқайда «иілгіш» болды. Бірақ, өмірінің соңғы жылдары Өзбекстан президенті  Қазақстанмен  жақын байланыс орнатуға қызығушылық танытқан болатын. Ресми деңгейде тараптар бір-біріне барынша сыйластық танытты. Екі ел қарым-қатынасы қазақтың    «Қоныс таңдама, көрші таңда» деген мақалының  мазмұнына саяды. 

90-шы жылдары және  2000 жылдың басында біздің ел өңірде белсенді сыртқы саясатты  жүргізуге тырысты. Ол су-энергетикалық консурциумды құру. Бұл бастама қағаз ретінде қалды.  Себебі, оны Өзбекстанның қатысуынсыз  жүзеге асыру  мүмкін емес еді. Ал өзбек тарапы  бұл мәселеге  аса қызығушылық танытпады.

Қазіргі кезде жаңа өзбек басшысы  Өзбекстан өңірдегі көршілерімен қарым-қатынасты қайта орнатуға дайын екенін көрсетті. Қазақстанның да шешілмеген бірқатар мәселелері алға тартылды. Бұл орайда Президенттердің кездесуі уақытылы әрі  орынды болды. Сапар аясында екіжақты стратегиялық ынтымақтастық пен одан әрі даму мен белсенділеу мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық  және көліктік-логистикалық сала мәселелері де қаралды. 

Сапар қорытындысы бойынша 13 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету, 2017-2019 жылдарға арналған  экономикалық ынтымақтастық  стратегиясы,қосарлы салықтың алдын алу және автомобиль қарым-қатынасы, өңіраралық келісім мен СІМ деңгейіндегі ынтымақтастық бар.

Бірыңғай экономикалық кеңістік  экономикалық  интеграцияны  тереңдету   бойынша   бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тауар, қызмет пен капитал, жұмыс күшінің еркін өтуін қамтамасыз етіп,  бюджеттік, кедендік және  валюталық саясатты қамтамасыз етеді.

Ш. Мирзиёевтің Астанаға жасаған сапарының  қорытындысы Орталық Азиялық одақтың құрылу мүмкіндігі мен экономикадағы ынтымақтастық күшеюі болды. Өзбекстан   осылайша  өзінің көліктік-коммуникациялық проблемасын шешу мүмкіндігіне ие болып, шығару нарығын кеңейтуде.Ал, Қазақстан Еуразиялық одаққа тепе-теңдік жасауда.

 

 

Өзбекстан Президентінің сапары аясында Астанада қазақ-өзбек бизнес форумы өтті. Форумға қатысушылар саны 500-ден астам болды, оның ішінде 150-ден астам өзбекстандық кәсіпкер. Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы аясында жалпы сомасы 97 млн АҚШ доллар  шамасында 10 құжатқа (20 млн АҚШ доллары сомасында инвестициялық жоба, экспорттық-сауда саласында тоғыз құжат) қол қою рәсімі өтті. Нәтижесінде екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 840 млн АҚШ долларды құрайтын 92 құжатқа қол қойды. 

 

Айта кетерлігі, екі елдің үкіметіне  2020 жылға дейін  тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізу тапсырылды. Бұл көрсеткіштерді арттыруға болады. Қазақстан жанында  екі үлкен нарық бар – Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы. Бұл қазақстандық  кәсіпкерлер күшімен ғана алынбайтын ірі нарықтар, бұл елдерден келетін  тауар өте ауқымды. Бауырлас елдер , Қазақстан мен Өзбекстан   кәсіпкерлері арасындағы     кооперация  аталмыш нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Өзбекстан  бизнесті дамытатын үлкен мүмкіндікке ие. Бұл жер, адам ресурстары мен өнеркәсіптік  әлеует.

Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас ілгерілеуде. Қазіргі таңда бірқатар мәселелердің басы ашылды. Болашақта  қарым-қатынастың тұрақтануы мен жетілуі күтілуде.

Жақын арада бірқатар екіжақты кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Атап айтсақ, қазақстандық Қорғаныс және  аэроғарыш өнеркәсібінің министрлігі  өкілдері Өзбекстанға барады. Оған қоса, ұлттық темір жол операторларының кездесуі өтпек. Елші өкілі айтқандай, екіжақты кездесулерді өңірлердің басшылары бастауы мүмкін. Сәуір-наурыз айларында Навои және Джазак облыстарының хокимдері Қазақстанға сапарлап келуі мүмкін. Тараптар  ОҚО кәсіпкерлерімен Навои и Джизактағы   екіжақты еркін экономикалық аймақ аясында ынтымақтастықты талқылайды.

Қайрат Жандыбаев

Суреттер ашық дереккөздерден алынды 




Яндекс.Метрика