EXPO-2017

«Астана аспаны» жобасы аясында ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық әуе көлігі ұшады

«Астана аспаны» жобасы аясында ЭКСПО кезінде барлық бағытта халықаралық әуе көлігі ұшады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.
Астана қаласы28 Наурыз , 19:46

« «Астана аспаны» пилоттық жобасы аясында ЭКСПО кезінде  барлық  бағытта  халықаралық әуе көлігі ұшады. Аталмыш пилоттық жобаның қорытындысы бойынша   мажарлық әуе бағыты мен польшалық, фин әуе қатынасының жағдайы мәлім болады», - деді Р.Скляр.

Пилоттық жоба азаматтық авиация  саласын либералдау мақсатында  жүзеге асырылады.

Роман Скляр айтып өткендей, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында әуе компаниялардың аппаттағы жағдайында болуына жауапкершілікті күшейту жоспарлануда.

«Заң жобасының бірқатар ережелері азаматтық авиацияда авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын енгізу, медициналық сарапшыларға, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге және лауазымды адамдарға жауаптылықты бекіту, сондай-ақ сертификациялық тексеру кезінде санаттарды енгізу арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», - деді ол.  

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика