Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ҚК КХДР ядролық бағдарламасына қатысты қарар қабылдады

2017 жылдың 23 наурызында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 7904-ші кездесуі өтті, шарада бұқаралық жою құралын таратпау мәселесі қаралды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде28 Наурыз , 18:43

Қатысушылар  отырыс барысында бірауыздан  БҰҰ ҚК комитеті сарапшылар тобының мандатын тағы бір жылға ұзарту туралы  қарарды қабылдауға дауыс берді. Ол топ тұрақты мониторинг пен Корей Халық Демократиялық Республикасына қатысты мемлекеттердің  БҰҰ ҚК  санкциялық қарарларын  жүзеге асыру  туралы ақпаратқа зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ,  топ санкциялық қарарлардың жақсруы туралы тәжірибелік ұсыныстар шығарады.

Белгілі болғандай,  КХДР ядролық бағдарламасы  БҰҰ ҚК күн тәртібінің басты мәселесінің қатарында болып отыр.  Қазақстан  Корей түбегінің денуклеаризацисы мен солтүстік кореялық проблеманы бейбіт жолмен шешуді ұсынып отыр. 




Яндекс.Метрика