Білім беру

Қазақстандық жоғары оқу орны ҚҚ үшін 8 мыңнан аса запастағы әскери қызметшіні дайындап шығарды

20 жыл ішінде ҚАЗГЗУ-дың әскери кафедрасы Қазақстанның Қарулы Күштері үшін 5000-нан аса офицер мен запастағы 3000 сержантты дайындап шығарды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Наурыз , 20:41

 Мұнда дайындалған әскери мамандардың біршамасы өздерінің өмірлерін әскери қызметпен байланыстырып, қазіргі уақытта қазақстандық армия қатарында әскери міндеттерін атқарып жүр.

Жақында жоғары оқу орнының әскери кафедрасы өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осыған орай, ҚР ҚК Ұлттық әскери-париоттық орталығында Қазақстан Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, Қарулы Күштер офицерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға қатысқан меймандардың бірі әскери кафедраның мақтанышы майор Азамат Жұмаділов болды. Ол Қазақстанның Қарулы Күштерінде 10 жылдай қызмет  етуде. 2007 жылдың желтоқсанында Елбасының Жарлығымен  мемлекет алдындағы ерен еңбегі мен әскери борышын үлгілі орындағаны үшін оған Алтын жұлдыз айрықша белгісі және «Отан» орденін табыстай отырып, «Халық қаһарманы» атағы берілді.

ҚАЗГЗУ-дың әскери кафедрасы жылдан жылға дамып келеді. 2015 жылдан бастапжаңа әскери мамандықтар енгізіліп, алғаш рет қыздарды дайындау басталып, сәтті жүргізілуде. Бүгінде мұнда мол практикалық әскери және педагогикалық тәжірибелері бар оқытушылар, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет өткерген, мемлекеттік наградаларға ие болған, біршамасы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан офицерлер  қызмет етуде.

 




Яндекс.Метрика