Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ә.Галимова: ҮЕҰ дерекқорында болу – артықшылық

Өткен жылы үкіметтік емес ұйым қызметі саласында бірқатар жаңашылдықтар болды. Бұл грант пен сыйлықтар түрінде қаржыландыруды үкіметтік емес ұйым мәліметтерінің жұмысына енгізу, кепілдендірілген қаржыландыру опеарторын құру, ҮЕҰ-мен жұмыс істеуде құзыретті органды анықтау сынды өзгертулер.
Астана қаласы28 Наурыз , 17:03

Салалық ведомствоның бағыттары мен жоспарлары және  негізгі басымдықтары туралы Strategy2050.kz АА сұхбатында  Дін істері  және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам ісі жөніндегі комитет  төрағасы Әлия Галимова айтып берді.

-Әлия Қайратқызы, комитет жасақталғаннан   бері  қандай істерді атқарып келеді?

– Кәсіптік комитет жұмысының төрт  айы ішінде бірқатар істі атқарды. Ведомствоның мақсат- міндеттері  айқындалды. Ведомствоның ҮЕҰ-лармен ынтымақтастығы артып, олармен  бірігіп жұмыс істеуде. ҮЕҰ қатысуын кеңейту, қоғамдық кеңестердің қызметіне сараптама жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты  жетілдіру болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үкіметтік емес секторды  дамыту мемлекеттік қолдауды қаржыландырудың бөлігі болып табылады. ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемі республика бойынша  мемлекеттік тапсырыстың көлемі, Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2003 жылдан бастап  2016 жылға дейін  42 392,1 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі жергілікті  деңгейде  30 814,8 млн тегені, ал орталықта  11 577,3 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру көлемі артуда. Қаржы министрлігінің мәліметінше,  2015 жылмен салыстырғанда  2016 жылы  мемлекеттік тапсырыс көлемі  20 пайызға артып,  8 878,6 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ, қаржыландырудың көлемін өсіру бойынша  2003 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық ұстанымын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ,  ҮЕҰ  қаржылық тұрақтылығы мен  оны нығайту, арттыру  мақсатында  2016 жылы  Ұлт жоспары – 100 нақты қадам  аясында Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар бөлінеді.  Бұл ҮЕҰ қаржыландырудың мемлекеттік сатылымға негізделген жаңа түрі.

2016 жылы алғашқы гаранттар  гаранттық қаржыландыру  саласында «Азаматтық ұстанымдарды қолдау» ҰАҚ  пішінінде  11 әлеуметтік жобаны  208 млн теңгеге жүзеге асыруға ие болды.

Өткен жылдың соңына қарай,  ҮАҚ-тың   алғашқы гранттық жобалары жүзеге асырылды: мәселен, медиаторлар картасын жүзеге асыру, Ұлттық байланыс орталығының ашылуы.

2016 жылы ҮЕҰ-ға қатысуды кеңейту мақсатында  шешім қабылдауда жаңа  механизм жүзеге асты – қоғамдық кеңестер. Республика бойынша  227 қоғамдық кеңес жұмыс істеуде. Оның қызметіне  4 мың адам қатысып жатыр, оның  75 пайызы азаматтық қоғам өкілдері.

Қоғамдық кеңестер  қоғамдық бақылаудың барлық пішіндерін қолданады. 2016 жылы  кеңестер  5 700 ҮЕҰ  қарады, маңызды мәселелер бойынша  450 қоғамдық тыңдалым өтіп,  1000 мемлекеттік орган жетекшілерінің есептері тыңдалды.

– Аталмыш бағытта комитеттердің жоспары қандай?

– «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік»  Жолдауында  Елбасы  азаматтық қоғамның діни экстремизм мен терорризмге қарсы күреске қатысуының маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ, қоғамда нөлдік шыдамдылықтың кез келген бағытына қатысты  қалыптасуы мен өскелең  ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл аудару мәселелері қаралды.  

Осыған орай, ҮЕҰ тұрақтылығын биыл арттыру үшін ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру көлемі мен тақырыптық жобаларды жүзеге асыру  артты. Бүгінгі таңда грантқа өтініштер қабылдау аяқталды. Биылғы жылы 47 тақырып бойынша  400 өтініш қаралуда.

Биылғы жылы алғаш рет қажеттіліктер мен зәруліктің бағасы өңірлер бойынша анықталады, оның құрамына ауылдық өңірлер де енеді. Гранттық қаржыландыру механизмін оңтайландыру үшін ҮЕҰ грант алу талаптары жетілдіруде. Соңғы жылдары тақырыптар мен көлемдердің қалыптасуына орталық меморгандарды тарту  жоспарлануда.

2017 жылдың  1 шілдесінде  ҮЕҰ үшін сыйлыққа байқау жарияланады. Биыл бұл мақсаттарға  68 млн теңге бөлінді.

Бизнес пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасын дамыту саласындағы қорытындыларға қол жеткізілді. Оның дәлелі  жақында өткен I  Корпоративтік  қайырымдылық  форумы, оның қатысушысы болып бизнес өкілдері мен халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ атанды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында тиімділікті, ашықтық пен әділдікті   арттыруға арналған  заң жобасы аясындағы өзгертулер ҮЕҰ деректеріне енеді. Заң жобасы аясында «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қорытындысын  бағалау»  сынды жаңа түсініктер енді.

Заң жобасына сәйкес актілер  дайындалатын болады.

-Әлия Қайратқызы, Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасы туралы айтып өттіңіз. Үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ  дерекқоры  үшін  өз қызметі  туралы ақпаратты дайындауда    қандай құжаттар мен регламент болуы керек?

– Алғашқы әрі негізгі  құжат –«Үкіметтік емес ұйымдары туралы» ҚР Заңы. Аталмыш  нормаға сәйкес, қоғамдық ұйым мен мекемелер,  біріккен заңды тұлғалар, акционерлік қоғам  және 17 заңда көрсетілмеген  өзге мекемелер ретіндегі  үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетелдік ҰЕҰ ұйымдары жыл сайын  31 наурызда  өзінің қызметі туралы мәліметті  Дін істері мен азаматтық  қоғам министрлігіне тапсыруы керек.

Екінші құжат – Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметті  дерекқорына   ұсыну мен қалыптастыруы  2016 жылдың  19 ақпанындағы  №51 бұйрық арқылы жүзеге асырылды. Құжатта толтырудың жолы мен қалыптасу туралы ақпарат көрсетілген.

Үшінші – үкіметтік емес ұйымдардың  өз қызметі туралы ақпарат ұсынудың кезегі жайындағы  методологиялық әдістер.

Айта кетерлігі,  ҮЕҰ мемлекет – арнайы құзретті  органдар, салық қызметі мен статистика, заң мекемесі   алдындағы   есептілігі  16 жыл бойы «Үкіметтік емес ұйымдар туңралы» заң аясында жүзеге асырылуда.

Дерекқорын  электрондық форматқа көшіру бойынша қандай жұмыстар жасалуда? Қазір infonpo.kz  тіркелген  ҮЕҰ артықшылығы қандай?

–  «ҮЕҰ Дерекқоры» үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы ақпараттың қоғам үшін және донорлар үшін ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) жұмысын бастады. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41 бабының 5-ші тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына енгізу үшін өз қызметтері туралы мәліметтер ұсынуға мүмкіндік алды.

Мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтарға мәліметтерді пошта арқылы тапсыру баламалы нұсқа болып қала береді. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасына «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру», «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау» және «үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсететін қызметтерінің стандарттары» сияқты түсініктер енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, Заң жобасы «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтер ұсынатын үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыруға бағытталған.

– Сұхбатыңызға рақмет




Яндекс.Метрика