Басқару

Н.Назарбаев Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде 28 Наурыз, 14:21

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және  орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты.

Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты.

Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

 

 





Яндекс.Метрика