EXPO-2017

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 670 мың билет сатылған

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне 670 мың билет сатылған. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 28 Наурыз, 13:10

Бүгінгі таңда ең қымбат билет құны  8 мың теңгені құрап отыр. Бірақ, лимитті билеттер құны  20 мың теңге.

Департамент директор айтқандай,  лимитті билеттерді тек Қазақстанда ғана сатып алуға болады.

«Лимитті билеттерді Ресейде сатып алу мүмкін емес. РФ-да ешқандай жеңілдік жоқ, жеңілдіктер тек ҚР азаматтарына ғана ұсынылады. Сондай-ақ,  барлық елдің  6 жасқа дейінгі азаматтарына  жеңілдік ұсынылады», - деді Дәулет Еркімбаев.

Ұйымдастырушылар айтқандай, өзге елдерде де бизнес кассаларды ашу жоспарланған. Сондай-ақ, билеттерді сату  ресми веб-сайт арқылы жүзеге асырылуда, ол өзге елдерге де шектеу қоймайды.

«Біз Қытайдың ірі туристік  компанияларымен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Онда біздің бірқатар роуд-шоуларымыз өтіп, қытайлық тур-операторлар да бізге келген болатын. Күні кеше халықаралық БАҚ үшін ауқымды баспасөз туры өтті, оған ҚХР журналистері де қатысты», - деді спикер.

Шетелдіктерге жалпы көрсеткіш бойынша билеттердің   13  пайызы сатылды.

«Біз  көрмеге  15 пайыз шетелдік қатысатынына үміттіміз. Біздің жоспар бойынша билеттердің біразы осы көрме павильонына сатып алынады. Бұл көрсеткіш  біз жоспарлағаннан асып түседі», - деді ол.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрмеге арнайы абонемент әзірлейді.

«Қазір билет емес, абонемент әзірлеу пікірі бар. Алайда, бұл әлі іс жүзінде қолға алынбады. Себебі, ол бізге нақтылайтын бірқатар компаниялардың шараларды  өткізу жағдайына қатысты болып отыр. Сондай-ақ, арт-білім беру алаңдарын әзірлеу қарастырылуда, адамдар екі күн емес,  5 күн келетін болады. Күн сайын билет сатып алу ыңғайсыз, сондықтан абонемент шығару қарастырылған, әзірше ол жоба күйінде», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

Фото: Абзал Қалиев 





Яндекс.Метрика