EXPO-2017

Қазақстанның барлық өңірлерінде ЭКСПО-2017 билеттері сатылады

Наурыз айынан бастап еліміздің өңірлері мен Ресей Федерациясының ірі қалаларында билет кассаларында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 12:41

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына 74 күн қалды. Сондықтан біз тұрғындардың билеттерді сатып алуы үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Наурыз айында Қазақстанның барлық өңірінде, нақтырақ айтсам облыс орталықтарында билет сататын кассаларды аштық. Енді осыған толығырақ тоқталайын. Өткен жылдың 10-желтоқсанында Астана мен Алматы қалаларында кассалар өз жұмысын бастады. Ал осы жылдың 8-ші наурызында біз 4 өңірде билет сататын орталықты аштық. Кейін 20-шы наурызға дейін 5 облыста және 25-ші наурыздан бастап 5 өңірдің кассаларында билет сатылады бастады», - деді басшы.

Оның айтуынша,  студенттер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, көпбалалы аналар ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді 50 пайыздық жеңілдікпен алса,  соғыс ардагерлері, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар мен кез-келген топтағы мүгедектігі бар жеңілдік қарасытырлыған топтағы Қазақстан азаматтары көрмеге тегін кіре алады.

Айта кетерлігі, мұндай жеңілдік қарастырылған билеттерді тек Көрме барысында, Көрмеге келетін күні, Көрме кіреберісінде орналасқан кассалардан жеке куәлік пен жеңілдік қарастырылғанын растайтын құжатты көрсету арқылы алуға болады.

«Біз Ресей Федерациясының бірқатар өңірлерінде ЭКСПО-2017 ресми кассаларын аштық. Мәскеудегі касса РФ астанасының орталығында, Лубянкада, Орталық балалар  дүкенінде орналасқан болса, Петерборда Кассир Ру ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ, Қазан (Казань), Төменгі Новгород (Нижний Новгород),  Екатеринбург, Новосібір (Новосибирск), Сочи қалаларында ірі сауда орталықтарында да кассалар ашылды", - деді  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Одан өзге Ресейдің ірі қалалырында ЭКСПО-2017   көрмесіне арналған билет сататын 38 нүкте ашылды

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика