Үкімет

ҚР-да еңбек өнімділігінің нақты өсімі 131,7%-ды құрады

Еңбек өнімділігінің нақты өсімі» индикаторы бойынша көрсеткіш 131,7% болды, деді Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 12:01

«Еңбек өнімділігінің нақты өсімі» индикаторы бойынша көрсеткіш 131,7% болды. Машина жасау секторында да едәуір өсім байқалады: мұнай-газ 3,1 есе (9,7 мың АҚШ долл./адам), ауыл шаруашылығы 2,3есе (31,1 мың АҚШ долл.), тау-кен 2,2 есе (10,2 мың АҚШ долл.), автомобиль жасау 1,8 есе (46,0 мың АҚШ долл.), электротехникалық салада 1,7 есе (20,1 мың АҚШ долл.). Сондай-ақ, осы индикатор азық-түлік өндірісінде 1,8 есе, (27,4 мың АҚШ долл.) агрохимияда 1,6 есе (48,3 мың АҚШ долл.) өсті», - деді Ж.Қасымбек.

2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 834,1 млрд. теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда (825,3 млрд. теңге) өңдеу секторына бағытталған қаржы нақты мәнде 8,8 млрд. теңгеге (1,1%) өсті.

«2016 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіне 2,6 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды», - деді министр.

 Жалпы, өңдеу өнеркәсібіне тартылған шетелдік инвестицияның үлесі 1,2 есе өсті (2015 жылдың 9 айында 18,2 %-дан 2016 жылдың 9 айында 21,2 %-ға).  

Айта кетейік, Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі өңдеу секторының үлесі 10,7%-ға дейін өсті.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика