Үкімет

Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі өңдеу секторының үлесі 10,7%-ға дейін өсті

Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі өңдеу секторының үлесі 10,7%-ға дейін өсті, деді Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 11:34

«Индустриялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарын жүргізудің және өңдеу секторын қолдаудың арқасында тұрақты өсім сақталуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен саласындағы көрсеткіш төмен болғанымен, өнеркәсіптің өңдеу секторы 0,7%-ға өсті. Өсім мынадай басым секторлардағы өндірістің артуымен байланысты: түсті (8,5%-ға) және қара (3,3%-ға) металлургия, ауыл шаруашылық техникасы (5,6%-ға), азық-түлік (3,9%-ға),  агрохимия (3,1%-ға), мұнай өңдеу (0,4%-ға). Нәтижесінде, ел экономикасындағы қайта өңдеу секторының үлесі ұлғайды», - деп хабарлады Ж.Қасымбек.

 Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10,7%-ға, өнеркәсіпте 41,5 %-ға өсті.

«2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 878 млрд. теңгенің  130 жобасы іске қосылды, 10 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылды.Іске қосылған Карта жобаларында 2016 жылы сомасы 2,2 трлн. теңгеден асатын өнім өндірілді», - деді министр.

2016 жылы өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 12,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорттық өнімнің құндық көлемі ИИДМБ-ның 8 басым секторында өсті. Тау-кен машина жасау саласында 2,2 есе, автомобиль жасауда 2,1 есе, құрылыс материалдарында 1,4 есе өсім байқалады.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика