Үкімет

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы 60 млрд теңге бөлінді

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджеттік несие көлемі 60 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрi Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 11:13

«Ағымдағы жылы АӨК субъектілерімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджеттік несие көлемі 60 млрд. теңге. Осы қаражаттардың шеңберінде жалпы 3 млн. га егістік алқапты қамти отырып, 1500 АӨК субъектілерін қаржыландыру көзделіп отыр», - деді Қ.Айтуғанов.

Осы ретте, мемлекеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жүктемелігін арттыру мақсатында қаржыландыру тетіктері басыңқы бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте майлы дақылдар мен мал азығы дақылдары қаржыландырылады.

Қ.Айтуғановтың айтуы бойынша, жаңа Мемлекеттік бағдарламаның аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында тұқым шаруашылығын қолдау механизмі жетілдірілді.

«Мысалы, ағымдағы жылдан бастап бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялау қайтадан басталатын болады, ал бірінші репродукциялы тұқымдар тек басымды дақылдар бойынша және ең төменгі нормасыз субсидияланатын болады. Бұдан басқа жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері және бірінші ұрпақты будандарын субсидиялау жалғастырылатын болады», - деді министр.

2017 жылы 2,4 млн. тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы дайындалды.

Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялау үшін 13 млрд. теңге бөлінді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық.

Айта кетейік,  2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 миллион гектар алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 311 мың гектарға артық. 

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика