Үкімет

2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 миллион гектар алқапқа отырғызу жоспарлануда

2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 миллион гектар алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 311 мың гектарға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрi Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 10:46

«2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 миллион гектар алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 311 мың гектарға артық. Оның ішінде көктемгі егіс көлемі 18,5 млн. га құрайды. Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруға, құрама жем және қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктемелігін арттыруға, мал шаруашылығында жем-шөп базасын нығайту үшін егістік жерлерді диверсификациялауда мынадай жұмыстар жүргізілуде»,- деді Қ. Айтуғанов.

Мал азығы дақылдарының егістік көлемі (арпа, сұлы, жүгері, асбұршақ, ноқат) – 206 мың га, жарма дақылдары – 32 мың га, майлы дақылдар – 60 мың га, қант қызылшасының егістік көлемі 7 мың га. артады деп жоспарлануда.

Суды көп қажет ететін дәнді-дақылдар, соның ішінде күріш көлемін 2 мың га, мақтаны 4,6 мың га, бидайды – 338 мың га қысқарту көзделуде. Жалпы дәнді-дақылдардың егістік алқабы 15 млн. га құрайтын болады, оның ішінде бидай 12 млн. га.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы АӨК субъектілерімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджеттік несие көлемі 60 млрд. теңге. Осы қаражаттардың шеңберінде жалпы 3 млн. га егістік алқапты қамти отырып, 1500 АӨК субъектілерін қаржыландыру көзделіп отыр.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика