Адами капитал

Қазақстанның Қарулы Күштерінде бригадалық тактикалық оқу-жаттығу өтуде

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Қарулы Күштерінің «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бригадалық тактикалық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область28 Наурыз , 17:39

 Оқу-жаттығу жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған. Ниетке сәйкес негізгі міндет оңтүстік стратегиялық бағытта шартты қарулы шиеленісті оқшаулау және жолын кесу барысында дағдарыстық ауданда арнайы әскери іс-қимылдарды өткізу болып табылады.

Әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Жеке құрам штаттық техникада ұдайы орналасу орындарынан 1 000 шақырымнан жоғары қашықтықта орналасқан полигонға дейінгі ара қашықтықты еңсеріп, құрамдастырылған тәсілмен марш жасады.  

Негізгі міндеттен басқа, әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен жеке құрамы оқу-жаттығу барысында далалық жағдайларда әскерлерді орналастыру, әскерлер қызметін ұйымдастыру, жауынгерлік күзету, жарақтандыру, ұдайы орналасу пункттерінен қол үзу жағдайларында әскери техниканы бүркемелеу және пайдалану мәселелерін пысықтайды. Оқу-жаттығуға мотоатқыш, инженерлік-саперлік, артиллериялық және танкті құрамалар мен бөлімдер, құрама медициналық взвод, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері тартылды.

Барлығы шамамен 3 000 әскери қызметші, 150-ден аса бірлік броньды техника, 450-ден астам бірлік дөңгелекті техника және 2 500-ден аса бірлік атқыш қаруы. Әскери техниканың теміржол тәсілімен жылжуы үшін әскери қатынастар органдары техниканы тиеу және түсіруді ұйымдастыра отырып, шамамен 10 эшелон дайындады. Қосымша қатысуға десанттық-шабуылдау батальоны, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, аумақтық қорғаныстың жедел топтары, сондай-ақ, Әуе қорғанысы күштерінің жедел-тактикалық қолбасшылығы тартылды.


 




Яндекс.Метрика