Адами капитал

Астанада 10 сәуірде балабақшаларға жолдамалар электрондық түрде берілетін болады

2017 жылдың 10 сәуірінен Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар www.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады.
Нұр-Сұлтан28 Наурыз , 12:36

Ведомствода хабарлағандай,  бұл бағытта қызметті алушыларға 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі әрекеттерді орындау керек: электрондық-сандық қолтаңбаны алу (ол үшін ХҚО «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ жүгіну қажет);өтінім берушінің электрондық-сандық қолтаңбасы (жеке кабинетке кіру) арқылы www.astana.kz жүйесінде тіркелу;         өтінім берушінің жеке кабинетінде байланыс мәліметтерін көрсету немесе өзгерту (электрондық пошта, ұялы телефон нөмірі) қажет. Байланыс мәліметтері Сіздің кезегіңіз келгені жайлы хабардар ету (хабарлама, ескерту хат) үшін керек.

Жолдамалар кезекке сәйкес қолданыстағы балабақшалардағы бос орындарға беріледі.  

«Егер өтініш берушілердің балалары 2015 жылы дүниеге келсе, олар үшін 10 сәуірден, тиісінше 2014 – 12 сәуірден, 2013 – 18 сәуірден, 2012 – 21 сәуірден, 2011 – 25 сәуірден бастап мемлекеттік балабақшаға жолдаманы алуға мүмкіндік бар. Әрбір туған жыл үшін мемлекеттік балабақшаларға жолдамалардың берілуін күту мерзімі Пайдаланушыларға ескертпе жолданған сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды», - деп хабарлады  әкімдік.

Жолдама берілген күннен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға ұсынылуы тиіс.




Яндекс.Метрика