Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

2014 жылы ЕО елдеріне жаңа салық түрлері енгізіледі –Saxo Bank болжамы

Saxo Bank сарапшылары өздерінің 2014 жылға жасаған болжамдарында келер жылы Еуропалық комиссия байлығы 100 мың еуро немесе доллардан асатын адамдарға жаңа салық түрлерін салуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды «www.interfax.ru» порталы.
Әлемде18 Желтоксан , 16:27

Естеріңізге сала кетейік, 10 жылдам астам уақыт бойы тұрақты түрде жарияланып келе жатқан Saxo Bank-тың «таң қаларлық мойындаулары» әдеттегі құбылыстардан өзгешелеу қарқын алатын мүмкіндігі жоғары жағдайларға баса назар аудартады. Банк дәстүрлі түрде олардың негізгі сценарийі немесе ресми болжам екенін айтады. Сонымен қатар, осы оқиғалардың кез келгені әлемдік саясат пен қаржы айналымында айтарлықтай рөл ойнайды.

«2014 жылы дефляция мен өсімнің жоқтығы саясаткерлер арасында қобалжу туғызып, Еуропалық комиссия байлығы 100 мың еуро немесе доллардан асатын адамдарға жаңа салық түрлерін салуына алып келуі мүмкін», - дейді Saxo Bank бас экономисі  С.Якобсен.

Бұл бастама теңсіздікті жоюға бағытталып, ең бай адамдардың 1%-ы мемлекетке барынша мол салық төлеп, қоғамдағы қиындықты шешу жолына айналмақ. Осылайша Кеңестік модельдің қайтып келуі мен «Тоталитарлы Еуропаның» пайда болуына алып келуі мүмкін.

 




Яндекс.Метрика