Өңірлер

ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 3,5 мың га артады

ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен (2016ж. – 788,8 мың га) салыстырғанда, биыл 3,5 мың га артып, 792,3 мың га құрайды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область28 Наурыз , 10:32

Ал егістікті әртаптандыру бойынша 2016 жылмен салыстырғанда мал азықтық дақылдарының көлемі 7,2 мың га-ға (230,0 мың га), дәндік жүгері 7 мың га-ға (47,2 мың га) артса, сәйкесінше мақта дақылы 4,6 мың га (105,0 мың га), бидай 10,4 мың га (165,1 мың га) қысқаратын болады.

Басқарма басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы жаздық астықты 36,7 мың га егу межеленсе, бүгінге оның 10,8 мың га-ы егіліп, жұмыстар жалғасуда. Осы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 38 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны таратуға 20 оператор анықталған.

Ал жұмыстарды атқаруға қолда бар трактордың 85%-ы (16530 бірлік), соқалардың 95%-ы (2489 бірлік), дән сепкіштің - 90%-ы (2512 бірлік) дайын. Мұнан бөлек, қазіргі таңда өңірімізде 10,3 мың тн тыңайтқыш алуға өтінім түсіп, босатылса, егілген 165,1 мың га күздік астықтың 67,2 мың га-сы қоректендірілген. 




Яндекс.Метрика