Парламент

Қ.Тоқаев: Қазақстан Парламенті парламентаралық ынтымақтастыққа бейім (ФОТО)

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы Санкт-Петербургте ТМД парламентаралық құрылымдардың жұмысына қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде 28 Наурыз, 09:31

Қ.Тоқаев өз сөзінде Президент Н. Назарбаевтың Үндеуінде Еуразиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне орай Қазақстанның көзқарасы нақты әрі жан-жақты сипатталғанын, парламенттік өлшемнің ерекше маңызы айқындалғанын атап өтті.

 Сенат Төрағасы Қазақстанның парламентаралық үнқатысудан айнымайтынын айта келіп, Ассамблеяның жұмысы үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін Ресей Федерациясына ризашылығын білдірді.

«ТМД ПАА-ның штаб-пәтері – Таврия сарайының Қазақстан үшін де тарихи маңызы зор, өйткені ХХ ғасырдың басында осында Мемлекеттік Думада қазақ халқының даңқты өкілдері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Бақытжан Қаратаев және басқалар жұмыс істеді», – деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан Парламенті жоғарғы Палатасының басшысы ұлттық заңнамаларды дамытудағы және Достастық аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетудегі ТМД ПАА-ның рөліне жоғары баға берді.

 Қ.Тоқаев парламенттік дипломатия мейлінше икемді, кейде тіпті халықтар арасында теңдесі жоқ арнаға айналған жағдайда ТМД ПАА әлеуетін одан әрі нығайтудың маңызы зор деп санайды. Қазақстан делегациясы ТМД ПАА отырысына қатысты.

Отырыс аясында Ресей Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко Президент В.Путиннің атынан Қазақстан Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевқа Құрмет орденін табыс етті. Отырыс барысында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 25 жылдығына арналған пошта маркасын естелікке тапсыру салтанаты болды.

Қазақстан делегациясының басшысы Армения Ұлттық Жиналысынан Ресей империясы Мемлекеттік Думасының депутаты болған М.Пападжановтың бюстін ТМД ПАА-ға беру салтанатына қатысты. Сол күні ТМД ПАА-ның қырық алтыншы отырысы болды, онда Ассамблеяның тұрақты комиссиялары ұсынған бірқатар үлгі заңдары мен ұсынымдары мақұлданды.
 





Яндекс.Метрика