Мәдениетті жаңғырту

«Ел арна» телеарнасы отбасыға арналған - Р.Кертаев

«Ел арна» телеарнасы отбасыға арналған, деді арнаның ашылу салтанатында «Хабар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 19:43

« «Ел арна» жаңа телеарнасы Ақпарат  және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен құрылды. Аталмыш телеарнаның мақсаты – қазақстандық көрерменге  көркем және деректі киноны ұсыну», - деді ол.

Басқарма төрағасы хабарлағандай, телеарна өз жқмысын  27 наурыздан  бастайды. Эфирде тек қана «Хабар» арнасының өнімі ғана емес,  «Қазақфильм» деректі фильмдері мен «Қазақстан» арнасы мен Президент ТК туындылары көрсетіледі.

«Аталмыш телеарна  отбасы үшін арналған. Біз көрермендер тең фильм көріп қана қоймай, рухани байлық алуына жағдай жасадық», - деді ол.

Айта кетерлігі, «Хабар» арнасының қол астындағы төртінші арна болып тіркелді.

Жаңадан іске қосылған «Ел арнада» ең бірінші болып «Ән-Аға» және «Дорога домой» атты туындылар көрерменге жол тартады.

Сонымен қатар арнада еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын.

Ақбота Күзекбай

 

 

 

 




Яндекс.Метрика