Адами капитал

Жыл басынан бері қазақстандықтар 245,6 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төлемдерін алды

2017 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығы, базалық зейнетақы төлеуге 53,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 192,2 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан28 Наурыз , 10:04

Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы базалық зейнетақы төлемдерін алушылар саны 2 млн 29,5 мың адамды құраса, ынтымақты зейнетақы алушылар қатары 2 млн 81 мың адам болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының жедел деректерінше, 1 наурыздағы зейнетақының орташа көлемі (базалық зейнетақы төлемдерін қосқанда) 59 мың 668 теңгені маңайлады.

 




Яндекс.Метрика