Басқару

Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы – Нұрлан Алдабергеновты таныстырды, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 16:52

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевпен келісілген түрде, ҚР Үкіметінің қаулысымен Алдаберген Нұрлан Шәдібекұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Премьер-Министр Кеңсесі алдына еліміздің Үшінші жаңғыруы мен Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіру, Премьер-Министр және Үкімет қызметтерін ұйымдастыру жөнінде маңызды тапсырмалар қойылды», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсенің жаңа басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, оларды іске асыру жұмыстарына табыс тіледі.

Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы – 1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген.

1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен. 2011 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі - министрі болды.

 




Яндекс.Метрика