EXPO-2017

ЭКСПО-2017 Қазақстанға келетін тікелей инвестиция ағынын арттырады

Алда келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі тікелей инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ведомствоның алқа отырысында.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 17:09

Министрдің айтуынша,  2016 жылдың қорытындысы бойынша  СІМ мен ҚР шекаралық мекемелерінің қатысуымен  сауда-экономикалық және  инвестициялық тақырыпта  300 шара өткізілді.  Сондай-ақ,  600 шетелдік делегация сапарын ұйымдастырып, қазақстандық делегацияның шетелге шығуын қамтамасыз етті.

«Үкіметтік ұйым мен іскерлік топтардың   2016 жылы  жүргізілген  жұмыс қорытындысында инвестиция тару қарқыны айтарлықтай артты. 2016 жылдың  9 айы бойынша тікелей шетелдік инвестицияның тартылуы  27,3 пайызды құрады. Жалпы, 2005 жылдан бастап  елге  236 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылған.Аталмыш көрсеткіштер жеке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі», - деді Қ.Әбдірахманов.

Ол айтып өткендей, қазір келісімдер мен меморандумдардың және байланыстың географиясын кеңейткен жөн.

«Бұл мүмкіндіктер ЭКСПО-2017 өткізу арқылы жүзеге асырылмақ», - деді Қ.Әбдірахманов.

Айта кетейік,  Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов  экономикалық  дипломатияны нығайту – Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шекаралық мекемелерінің бірінші деңгейлі ісі екенін айтқан болатын.

Қайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика