Басқару

ҚР ОСК-да мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындысы туралы мәлімдеді

Сайлау заңнамасына сәйкес 26 наурызда республиканың 12 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 57 депутатты сайлау болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 15:49

«Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі – қалалық және 119-ы – аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті», - деді Владимир Фоос.

62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы – өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді.

Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді.Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады.

2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді.Сайлаушылардың келуі 77,83 % құрады.

«Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.

«Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам.Орташа жас – 46,5 жас. Ең жас депутат (22 жас) Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланды. Ең үлкені (64 жас) – Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде», - деді ол.

Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) – арнаулы орта.

3 (5,3 %) – әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика