Ұлттың денсаулығы

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында трансплантация орталығы ашылады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы трансплантологияны дамытуды жалғастыруда, деді ДСМ штаттан тыс транспонтологы Серік Жариков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Нұр-Сұлтан27 Наурыз , 16:41

С.Жариковтың  мәліметінше, Қазақстандағы  трансплантация  1979 жылдан бері жасалып келеді, алайда  даму жолы  2010 жылдардың басында қарқындай түсті.

«Денсаулық сақтау министрлігі трансплантологиялық көмек бойынша бірқатар жұмыс атқаруда. Ондай орталықтар Астана мен Алматыда бар. Шымкентте де трансплантология орталығы бар. Ақтөбедегі орталық батыс өңірін қамтып отыр. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысында  орталық ашу жоспарланған», - деді ол.

Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет адам жүрегі ауыстырылды.

 




Яндекс.Метрика