Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Малайзия киберқауіпсіздікпен күрес ынтымақтастығын дамытуда

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М.Нұрғожин Малайзияға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Әлемде 27 Наурыз, 15:36

Вице-министр Малайзияның Ғылым, технология және инновация министрлігінің Бас хатшысының орынбасары Р. Дабулмен, «CyberSecurity Malaysia» Ұлттық агенттігінің аға вице-президенті М.Шамирмен және «ANGKASA» Ұлттық ғарыш агенттігінің департаментінің директоры М.Исмаилмен кездесу өткізді.

Р. Дабул аэроғарыш саласындағы және киберқылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне назар аударды. Кездесу қорытындысында, тараптар екі елдің ұлттық компаниялары арасындағы байланысты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Малайзияның «ANGKASA» Ұлттық ғарыш агенттігі арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қоюға келісті.

Қазақстандық делегация Лангкави аралында өткен 14 Халықаралық авиациалық-ғарыштық және әскери-теңіз техникаларының көрмесіне (LIMA-2017) алғашқы рет қатысты.

 «LIMA-2017» көрмесіне қатысу барысында, Малайзияның Қорғаныс министрі Х.Хусейнмен кездесу өтті. Кездесу барысында әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланды. Келіссөздер қорытындысында, Малайзияның қорғаныс министрі аэроғарыш саласындағы ынтымақтастыққа, «Қазақстан Инжиниринг» өнімдеріне қызығушылық танытқаны жеткізді. Бұған қоса, Министр Қазақстандық өнімдерін АСЕАН мүше елдерінің нарығына шығаруда аймақтық хаб бола алатындығын жеткізді.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша ниеттер туралы хатқа қол қойды, оның шеңберінде әскери-техника саласында кооперацияны кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру жоспарланып отыр.





Яндекс.Метрика