Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

2014 жылы мұнай арзандайды, алайда аз уақытқа – Saxo Bank

Saxo Bank сарапшылары әдеттегідей жыл сайынғы макроэкономикалық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды «www.interfax.ru» ақпараттық порталы.
Әлемде18 Желтоксан , 17:52

«10 жылдам астам уақыт бойы тұрақты түрде жарияланып келе жатқан Saxo Bank-тың «таң қаларлық мойындаулары» әдеттегі құбылыстардан өзгешелеу қарқын алатын мүмкіндігі жоғары жағдайларға баса назар аудартады. Банк дәстүрлі түрде олардың негізгі сценариі немесе ресми болжам екенін айтады. Сонымен қатар, осы оқиғалардың кез келгені әлемдік саясат пен қаржы айналымында айтарлықтай рөл ойнайды», - делінген хабарламада.

Saxo Bank сарапшыларының мәліметінше, келер жылы әлемдік экономикада масштабты және мүмкін, қолайсыз жағдайлар күтіп тұр. Еуропаны ірі экономикалық құлдырау басып, акциялар минусқа дейін төмендеуі мүмкін. Алтын тағы да қымбаттап, мұнай бірден арзандап кетеді. Алайда мұнайдың арзандауы бірден болмайды (бареліне сексен доллар) және көпке созылмайды.

Аталмыш банктың биржа өнімдері бөлімін басқаратын Оле Слот Хэнсеннің айтуынша, әлемдік мұнай нарығында қазіргі таңда өтпелі кезең болып жатыр. Тасымалдаушылармен бірнеше рет қақтығысқа қарамастан мұнай бағасы ресурсты дәстүрлі емес жолдармен көтерудің арқасында тұрақталып отыр. Әсіресе АҚШ пен Канада мен Сауд Арабиясында өндіру көлемі артқан.

ОПЕК-ке мүше емес елдер ішіндегі күтіліп отырған мұнай бағасының қымбаттауы әлемдік нарыққа мұнайдың көптеп ұсынылуына жол ашады.

Сарапшылардың пікірінше, өндіруші өнім көлемін азайтқанда мұнай бағасы қайта аспандайтын болады.




Яндекс.Метрика