Парламент

Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту кедергілері мен рұқсат беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік реттеу туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілістегі үкіметтік сағатта айтты.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 13:08

Министрдің айтуынша, мемлекет реттеу жүйесінде айтарлықтай  қорытындыға жетті, барлық жүйені жеңілдету  мен рұқсат беру құжаттарын  қысқарту жолы  50 пайызға жетті,  ол 196 рұқсат беру қағазын құрады. Қазіргі таңда рұқсат беру қағаздарының саны 316-ны құрады.

«Бүгінде  монополист-кәсіпкерліктер мен квазимемлекеттік  кәсіпорындар берген  рұқсат  беру өсімі артуда. Қағазды үйлестіру тәртібі болмағандығы байқалып отыр. Тәртіптің болмауы кәсіпкерлер үшін қиындықтарды туғызады», - деді Т.Сүлейменов.

Кәсіпкерлікті дамыту  әкімшілік кедергілердің бірі ақпараттық құралдардың көп болуы, заңнама  бойынша тіркелген кәсіпкерліктің анықтамаларының болмауы.

«Кез келген есептілік – әкімшілік кедергі, ол бизнес шығынын арттырады. Мәселен, есептік пішін бойынша есептерін толтыратын   қызметкерлердің еңбегінің ақысын,  нормативтік-құқықтық  базасы мен сыртқы ішкі мекеме қызметкерлерінің  консултацияларын   төлеу», - деді Т.Сүлейменов.

 ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, бұл орайда  ақпараттық құрылғыларды реттеу  бойынша жұмыс басталды. 2016 жылы  жұмыстың жартысы  жүргізілді, қорытындысында  1200 рұқсат беру қағазы кәсіпкерлерге  берілді.

Елбасының тапсырмасын орындау бойынша Парламент Мәжілісінің  қолдауы бойынша соңғы екі жылда елде кәсіпкерлік қызметі айтарлықтай  жақсарды.

Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады.

Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика