Парламент

БЖЗҚ-ның 200 млрд теңгесі ЕДБ қаржы құралдарына инвестицияланады

БЖЗҚ-ның 200 млрд теңгесі екінші дәрежелі банктердің қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 12:53

«Өнеркәсіптік өндірісті қолдау үшін 445 млрд теңге бөлінді, оның  300 млрд теңгесі  Ұлттық қордың қаржысы  ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің   бірлескен жобасы аясында 155 млрд теңге дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016-2017 жылдарға арналған экономиканы ынталандыру бойынша берілді». – деді Т.Сүлейменов.

Ол айтып өткендей, ШОБ-тің  қажеттілігін   қаржыландыру үшін керсінше капитал мен қарызды қайта қаржыландыру екінші дәрежелі банк құралдарын 200 млрд теңге көлемінде инвестициялау қарастырылған.

Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады.

Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика