Парламент

ҚР-да 188 кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді

Қазақстанда 188 кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 12:41

«Қазақстанда 18 кәсіпкерлерді қолдау орталығы мен  18 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ауылдық жерде консалтинг қызметін көрсету мақсатында  14 мобильдік КҚО бар, ол 287 мың кәсіпкерлерге  522 мың қызмет көрсетілді», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, шағын қалаларда  қаржылық көмекке ие болу құқығы кәсіпкерлерге беріледі. Ол салық төлемін арттырып,  өнім шығарылымы мен жұмыс орнын  10 пайызға арттыруды  2 жыл бойы ұстап тұрулары керек.

Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика