Парламент

Биыл «Бастау Бизнез» жобасы бойынша 15 мың кәсіпкер оқытылады

Ауылдық жас кәсіпкерлерге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бейімделу курсын меңгеру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 11:57

«Оқыту ұйымы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына негізделген. Оқыту бағдарламасы бизнес негізі бойынша  16 мың шәкіртақының тағайындалуымен  бір айлық оқытуды және қаржы мекемелерінен қаржыландыруға ие болу үшін бизнес жоспарды  дайындауды әзірлеуді қамтиды», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, кез келген адам бизнеспен айналыспайды, әлемдік статистикаға сүйенсек, стартаптардың  80 пайызы  3 жылға да жетпей жатады.

«Сондықтан да, кәсіпкерлік негізін оқыту  әлеуетті кәсіпкерлерді тестілеуге мүмкіндік береді. Тестілеу Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Joozzy әдісі бойынша өтеді, бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады», - деді Т.Сүлейменов.

Ол айтып өткендей, азаматтар тестілеу қорытындысы бойынша бизнеспен айналысу қабілетіне ие болса, бизнесті енгізу негізін оқуға жіберіледі.

«Осылайша, бизнеспен айналысуға қабілеті бар ауылдықтар жіберіледі. Бұл ауылдық тұрғындардың төленбеген несиелеріне жауапкершілік алуға мүмкіндік беріледі», - деді Т.Сүлейменов.

Сондай-ақ, ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  қаржы ұйымдарының комитетінде бизнес жобаларды  қорғау бойынша  белсенді қатысып, қолғабыс көрсетеді.

«Айтып өткендей, аталмыш шаралар ауылдық бизнес жобаларды қажетті  қаржыландыруға мүмкіндік береді.  Жыл сайынғы  қамту  30 мың адамды, алғашқы жылы  15 мың адамды құрайды.

Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика