Парламент

Бизнеске кепілдік тегін беріледі

Қалаларда шағын несиелерді кепілдендіруге 1,2 млрд теңге қарастырылған, ауылдық жерде 2,8 млрд теңге. Бизнеске кепілдік тегін беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 11:37

«Алғаш рет, кәсіпкерлік қызметті шағын несиелеу  мемлекет тарапынан кепілдендірілді, ол халықты жұмыссыз халықты кепілдендіру мен халықты  тиімсіз жұмыспен қамту мәселесін шешу  болып табылады», - деді Т.Сүлейменов.

Оның айтуынша, кепілдендіру шағын несиелеу құнынан  50 пайызға дейін беріледі, ал жас кәсіпкерлерге  85 пайызға беріледі.

«Мемлекет тарапынан гарант ретінде «Даму» АҚ, ауылдық жерде «ҚазАгроГрант» АҚ  жұмыс істейді. Кәсіпкер құлдырауға ұшыраса оның негізгі қаупі кепілдендіру гарантына түседі.  Мемлекет кепілдіктің  30 пайызын  өтейді. Бұл операторларды тиімсіз жобаларды алмауын ынталандырады. Бизнеске кепілдік тегін беріледі», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, шағын несиелерді кепілдендіруге қалаларда  1,2 млрд теңге, ауылда  2,8 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл  әдістер  14500 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ол  1220 жобаны кепілдікті  қамтамасыз етеді. Оған қоса, басымдықты түрде кәсіпкерлердің старт-ап жобаларын қарай береді», - деді Т.Сүлейменов.

Айта кетейік, елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды.шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика