Парламент

Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады – Сүлейменов

Елдің экономикалық белсенді бөлігін 8,9 млн адам құрайды. Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Мәжілісінде «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту шаралары туралы» Үкіметтік сағатта айтты.
Нұр-Сұлтан 27 Наурыз, 11:03

«Елдің экономикалық белсенді бөлігін  8,9 млн адам құрайды. Оның ішінде  6,3 млн жалданған жұмыскерлер,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз халық. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  ШОБ-тің әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн бірлікті құрады, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарды», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтып өткендей, шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де  24,9 пайызды құрады.

Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сәйкес әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

«Қарапайым есепте көрсетіп отырғандай, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үшінші бөлімі қазірдің өзінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау формалды түрде кәсіпорындар санының өсуі есебінен емес, жұмыс істеп тұрған бизнес, шығаратын өнімнің, көрсететін қызметтің сапасын арттыру арқылы орындау қажет", - дейді министр.

Министр айтып өткендей, жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған халықатың  негізгі бөлігі  ауылдық жерде бизнесті енгізу туралы ақпараттың аз меңгеруіне байланысты болып отыр.  Олар өз жобаларын мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жеңілдікті бағаға ілгерілендірудің жүйесімен толық таныс болмай отыр.

«Аталмыш проблеманы шешу кәсіпкерлік қолдау мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыру арқылы  іске асырылмақ. Бірінші кезекте,  ол Тиімді жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлік,  Бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы-2020», экономиканың шынайы секторын қаржыландыру туралы шаралар», - деді Т.Сүлейменов.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

 





Яндекс.Метрика