Экология

Биыл Ақтауда 15 мың ағаш отырғызылады

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айлық санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары аясында Ақтау қаласының «Ақбота» саябағында өткен ағаш отырғызу акциясына қатысты, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау27 Наурыз , 09:23

Өткен жылы Ақтау қаласының әкімдігі облыс орталығының басты көрікті жерін қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеткен болатын. Жергілікті бюджеттен 190 млн. теңге бөлінген.

  «Оның ішінде, 140 млн. теңге қаржы2016 жылы игерілді. Оған көшелерді жарықтандыру, көгалданыру, жаяужолдар, саябақ аймағы, қоғамдық әжетханалар кіреді. Негізгі су құбыры салынды, енді жарықтандыру желілерін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылдың наурыз айының аяғына дейін 400-ге жуық ағаш отырғызылатын болады. Балаларға арналған аттракциондар орнатуды жоспарлап отырмыз. Алматы қаласынан дайын құрал-жабдықтары бар кәсіпкер шығып отыр. Біз кәсіпкерлер үшін жерді жалға бермейміз. Саябаққа аттракциондар орнатқысы келетін бизнесмендер кәсіпкерлік бөлімімен меморандум жасақтауы қажет. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орны болады, мұнда өзге нысандар салынбайды. Мәзіріне шұбат, балқаймақ тәрізді тек ұлттық тағамдар мен сусындар кіретін шағын этноауыл секілді кафелер орнату туралы ұсыныстар бар», - деп атап өтті Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының әкімдігіне – бір апта ішінде Астана мен Алматы қалаларынан сәулетшілерді тарта отырып, «Ақбота» аумағынан этноауыл түріндегі кафенің құрылыс жобасын жасақтауды тапсырды.




Яндекс.Метрика