Ұлттың денсаулығы

«Медеуде» 3 мың адам маусымның жабылуына орай сыйлықтарға кенелді (ФОТО)

«Медеу» мұз айданының жабылу рәсімінде «Қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Алматы қаласы 27 Наурыз, 08:49

«Медеу» мұз айдынының жабылу салтанатында  демалушылар ұйымдастырушылардан  тегін тәттілер мен сусындар алды, олардың саны  6500 дананы құрады. Бұндай ауыз тиюге  3500 адам қатысты.

Аталмыш қайырымдылық акциясының  басты мақсаты  әртүрлі жастағы  адамдарға  ауқымды спорт шарасының көңіл-күйін жеткізу.

«Мен достарыммен бұл жерге әр жексенбі сайын келемін. Шынымды айтсам, «Медеудегі» мауысымның жабылуына аздап көңілім түсіп те отыр. Енді келесі маусымды тағатсыздана күтетін боламын. Алматы әкімдігі мен дене шынықтыру  және спорт басқармасына алғыс айтқым келеді. Бұл өте тиімді акция», - деді байқауға қатысушылардың бірі Виталий Олейник.

Айта кетейік, тегін сусын мен тәттілерді таратудан бұрын, тұрғындар  мерекелік концертке белсенді араласып, көңілді жүргізушілермен ойын ойнап, флешмобтарға қатысты. 





Яндекс.Метрика