Экология

Астана «Жер сағаты» акциясына қатысты

«Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Биыл еліміздің барлық ірі қалаларында сыртқы жарықтандыру мен сәулет нысандарының жарықтандырылуы өшірілді.Астанада «Астана Опера» МОБТ, «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Астана Арена» стадионы және т.б. ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтандырылуы сөндірілді.
Нұр-Сұлтан 26 Наурыз, 10:04

«Жер сағаты - 2017» акциясы елімізде «Ұлттық ағаш отырғызу күні» қамқорлығымен ормандарды сақтау мен қалпына келтіру, қаланың «жасыл» аймақтарын абаттандыру, қоғамды орман байлығын сақтау мен көбейтуге тарту мақсатында өткізілді.

Наурыздың 13-і мен 24-і аралығында акция аясында елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде ағаш отырғызылды, танымал қазақстандықтардың қатысуымен акцияны қолдауға бағытталған әлеуметтік роликтер түсірілді. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аумағында 200 студенттің қатысуымен флешмоб өтті.

25 наурызда сағат 20.00-де MEGA Silk Way СОСО-да «Жер сағаты» халықаралық акциясына арналған бағдарламаның ашылу салтанаты өтеді. Шара аясында WWF ұйымының барша әлемдегі және Қазақстандағы жарқын экологиялық бастамалары таныстырылады.

«Жер сағаты - 2017» акциясын ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, G-Global халықаралық хатшылығы, «Жасыл экономика үшін» және G-Global-ды дамыту коалициясы, Жер қоры, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» РҚБ, Қазақстандағы БҰҰ ДБ.

Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ мен бизнес құрылымдар, ЕҰУ және Назарбаев Университетінің студенттері және т.б. қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жер сағаты» акциясына 175 мемлекеттен 7 мың қала қатысты.

 





Яндекс.Метрика