Мәдениетті жаңғырту

Ресейлік «Доремишки» ансамблі Қазақстанмен тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіруде (ВИДЕО)

Ресейлік «Доремишки» балалар вокалдық ансамблі Астанада өтіп жатқан «Шашу» халықаралық фестиваліне қатысуда. Осы ансамбльдің талантты жас әншілері екі нөмір дайындаған: акапелла және фортепианомен ән. Музыкалық ұжым туралы «Доремишки» балалар ансамблінің жетекшісі Екатерина Бурмистрова айтып берді.
Нұр-Сұлтан 25 Наурыз, 15:59

«Біз Новосибирск қаласынан келдік. Бізге Қазақстаннан шақыру хаты келген соң біз бірден осы халықаралық байқауға қатысуды шештік. Біздің ортақ ансамбліміз «Апельсинчик» деп аталады. Алайда, осы ансамбльдің құрамында «Доремишки» деп аталатын кішкентай топ бар. Біз академиялық вокал номинациясы бойынша қатысып отырмыз», – деді Е. Бурмистрова.

«Апельсинчик» ансамблі 25 жыл жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде шығармашылық ұжым басқа вокалдық топтар арасында жоғары жетістіктер көрсетуде.

«Біз қалыптасқан ұжымбыз деп айтуға болады. Біз үшін бірінші кезекте тәжірибе алмасқан қызықты, Ресейде біз осы сипаттағы іс-шаралар мен мектептердің барлығын білеміз. Қазақстандық балаларды тыңдап, сіздердің мәдениетіңіз бен ұлттық нөмірлеріңізді көргіміз келді», – деп атап өтті ол.

Ансамбль өз шығармашылығын тек Ресейде және көрші елдерде ғана көрсетіп қоймай, АҚШ, Латвия, Чехия және ҚХР сияқты елдерде де халықаралық байқауларға қатысқан.

Ақбота Күзекбай

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика